Павлодарлық ұстаздар кітап оқып, бағалы сыйлық ұтып ала алады

Павлодарлық ұстаздар кітап оқып, бағалы сыйлық ұтып ала алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

BOOK BATLE.MUGALIM жобасы мұғалімдерге өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Ең тиімді әдіс – әлі де кітап оқу.  Жоба мұғалімдер арасында оқу мәдениетін дамытуға және жалпы кітап оқуды насихаттауға бағытталған. 

Мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің педагогикалық қызметкерлері 5 шілдеге дейін өтініш бере алады, – дейді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин. 

Байқау үш кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде қатысушылар көркем және дамытушы әдебиеттерді оқуы керек. Екіншісінде буктрейлерлер жасап, оны Instagram-да @bilim_pavlodar белгісімен және #bookbattletoteacher хэштегімен жариялайды.

Үшінші кезеңде 19-23 тамыз аралығында оқылған кітаптар бойынша жобаларды қорғау өтеді.

Байқау қорытындысы 23 тамызға дейін шығарылады, жеңімпаздар білім беру бөлімінен дипломдар мен бағалы сыйлықтар алады.