«Ақиқатты тап»:Павлодарлық оқушылар детективтік кейсте бақ сынады

«Ақиқатты тап»:Павлодарлық оқушылар детективтік кейсте бақ сынады
Фото: қалалық білім бөлімінен

Шараға 3000 бала қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының мектептерінде «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында алғаш рет «Ақиқатты тап» деген атаумен ауқымды детективтік кейс өтті. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына аясында қоғамда берік құқықтық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған «Заң мен тәртіп» идеологиясы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аталған идеологияны іске асыру мақсатында Павлодар қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың жаңа, заманауи тәсілдері енгізілуде.

Осындай тиімді бастамалардың бірі - қалалық білім беру бөлімінің бастауымен қала прокуратурасының қолдауымен ұйымдастырылған жаңа форматтағы ауқымды білім беру іс-шарасы болды. Шараның негізгі мақсаты – жас өспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Кейске қала мектептерінен 9–11-сынып оқушылары қатысып, жалпы қамту шамамен 3000 оқушыны құрады. Алғаш рет қолданылған интерактивті формат көптеген жас өспірімді құқықтық нормаларды түсінуге және өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуге бағытталған белсенді жұмысқа тартты.

Қатысушылар детективтік ойын форматында ұйымдастырылған кейсте аналитик, тергеуші, цифрлық сарапшы және психолог рөлдерін атқарды. Әр командаға жасөспірімдер ортасында жиі кездесетін әлеуметтік мәселелерге негізделген арнайы әзірленген кейстер ұсынылды. Яғни буллинг, кибер қауіпсіздік, әлеуметтік желілерде ақпарат тарату.

– Оқушылар хат алмасуларды, цифрлық іздерді, мәтіндерді және оқиғаның барысын түсінуге көмектесетін түрлі детальдарды зерттеді. Оларға сәйкессіздіктерді байқау, фактілерді талдау және болып жатқан жағдай бойынша өз нұсқаларын құру қажет болды. Сондай-ақ олар өздерін әртүрлі рөлдерде: аналитик, тергеуші, психолог және цифрлық сарапшы ретінде сынап көрді, – деді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы секторының бас маманы Юлия Арнаутова. 

«Мектеп көлеңкесі» атты кейс ерекше қызығушылық тудырды. Бұл анонимді Telegram-арнаны зерттеуге негізделген, онда жеке деректер мен арандатушылық сипаттағы мәліметтер жарияланған. Қатысушылар тек кінәлі тұлғаны анықтауды ғана емес, сонымен қатар оқиғаның терең себептерін, психологиялық аспектілерін және мінез-құлық мотивтерін түсінуді үйренді.

Павлодар қаласының прокуратурасы қызметкерлері қазылар алқасының құрамына еніп, ұсынылған шешімдерге құқықтық баға беріп, жауапкершілік пен заңдылық мәселелеріне ерекше назар аударды.

Ведомствоаралық іс-қимыл шеңберінде бағалау жұмысына ювеналдық полиция, Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы өкілдері, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері тартылды.

Шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, белсенді командалар грамоталармен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай жобалар жасөспірімдермен маңызды тақырыптар туралы жеңіл әрі түсінікті тілде сөйлесуге және мектептердегі жұмысты заманауи әрі ұғынықты етуге көмектесетінін атап өтті.