Павлодарлық суретші «Домбыра тартатын қызбен» жеңімпаз атанды
Аталмыш жарыста 9-13 жас аралығындағы 31 оқушы бақ сынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Балалар көркемсурет мектебінде № 7, 36, 41, 25, 33, 32, 5, 6, 43, Қ. Бекхожин атындағы жалпы білім беретін мектептерінің қатысуымен Домбыра күніне арналған балалар бейнелеу шығармашылығының блиц-байқауы ұйымдастырылды. Шара патриоттық тәрбие беруге, шығармашылық, көркемдік қабілеттерін қолдауға бағытталған.
Блиц-байқаудың ережелеріне сәйкес, қатысушылар екі сағат бойы «Домбырамен ұлттық натюрморт», «Дала музыкасы», «Музыканттар» тақырыптарындағы суреттермен жұмыс істеді.
– Қатысушылар берілген тапсырманы орындап, қызығушылық білдіріп, ерекше жұмыстарды жасады. Ұлттық аспапқа құрмет көрсетті. Барлық шығармалар жарқын, әсерлі, композициясы мен дизайны бойынша әртүрлі болып шықты, – деп атап өтті қазылар алқасының мүшелері Анжела Бамбуляк, Валентина Степанко, Оксана Сидоренко және көркемсурет мектебінің тәжірибелі педагогтары.
Жарыс қорытындысы бойынша, 7 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Бас жүлдені 12 жастағы «Домбыра тартатын қыз» суреті үшін № 33 ЖОМ оқушысы Айжан Саратова жеңіп алды.
І орынды «Домбыра дыбысы» суреті үшін 12 жастағы № 43 ЖОМ оқушысы Адэми Ексембай, «Дала әні» суреті үшін 11 жастағы № 7 ЖОМ оқушысы Кәрім Қайыргелді, II орынды «Туған өлке әуені» суреті үшін 10 жастағы № 32 ЖОМ оқушысы Емельян Энгельс, сондай-ақ «Туған ағым» суреті үшін 11 жастағы Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ оқушысы Аяжан Шаймұрат иеленді. Ал III орынға «Сыңғырлаған домбыра» суреті үшін 10 жастағы № 5 ЖОМ оқушысы Анна Потемкина, «Қазақстанның мақтанышы» суреті үшін 10 жастағы № 6 ЖОМ оқушысы Элина Штреслер ие болды.
Айта кетейік, жұмыстар гуашь, фломастерлер, түрлі-түсті және қарапайым қарындаштар, аралас техникадағы акварель, графика бойынша орындалды.