Павлодарлық оқушылар түстен кейін үйден оқиды

Павлодарлық оқушылар түстен кейін үйден оқиды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мектептерде сабақтар қашықтық форматқа ауыстырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, екінші ауысымдағы мектепалды, 1-9-сыныптардың оқушыларының сабақтары онлайн түрде өтеді. 

Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болды: сынап бағанасы минус 29 градусты құрайды, ал желдің жылдамдығы секундына 6 метрге дейін жетеді.