Павлодарлық жанкүйерлер Астанаға саяхаттайды

Павлодарлық жанкүйерлер Астанаға саяхаттайды
Фото: Константин Шелков

Бару тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс» футбол клубының Instagram желісіндегі ресми аккаунтында белгілі болғандай, 17 сәуір күні павлодарлық жанкүйерлердің Астанаға барып, сүйікті командасын қолдаудың мүмкіндігі туып отыр. Сол күні «Ертіс» сырт алаңда «SD Family» жастарымен шеберлік байқасады.

Ол үшін жанкүйер кәмелет жасына толуы керек, балалар ата-аналардың қарауында болуы шарт. Астанаға барып, футбол көргісі келген адам «Ертістің» шарфын немесе өзге де атрибутикасын және жеке куәлігін ала келген жөн. 

Астанаға баратын автобус 17 сәуір сағат 6.00-де «Юность» манежінен (Толстой, 28) жол жүреді. Өтініштер +7 775 457 7746 WhatsApp нөмірі бойынша қабылданады.

Айта кетейік, қайта түлеген «Ертіс» биыл Қазақстан чемпионатының ең төменгі Екінші лигасында жарысты бастады. Бірінші турда Сергей Якушин шәкірттері «Тобыл» жастарын 6:0 есебімен ұтты.