Павлодарлық студентке диплом алу кезінде жігіті ұсыныс жасады

Павлодарлық студентке диплом алу кезінде жігіті ұсыныс жасады

Торайғыров университетінде ауыл шаруашылығы ғылымдары, Computer Science, энергетика, экономика және құқық факультетінің студенттеріне  салтанатты түрде диплом табыс етілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ЖОО баспасөз қызметінің мәліметінше, бакалаврлар мен магистрлерді көптен күткен дипломдарын алуымен басқарма төрағасы – ЖОО ректоры Еркін Садықов құттықтады.

–  Бүгін студенттік кезімді тағы да еске алдым. Алға қойған мақсаттарыңа жету үшін аянбай күш салып, биік белестерді бағындыра алатындарыңызға еш күмән болмасын. Бүгін Торайғыров университеті түлектерінің  жүздерінен қуаныш сезімі   көрініп тұр. Барлық арманның орындалуына тілектеспін, –  деді Еркін Садықов. 

Кездесуде Торайғыров университетінің студенттік филармониясының солистері мерекелік концерт қойды. 

Биылғы жылы ToU-да оқуды 1200 бакалавр аяқтады. 

Айта кетерлігі, бүгін университет түлектерінің біріне ұсыныс жасалды және ол «иә!» деп жауап берді.