7, 8 шілдеде Павлодар облысында тек кезекші ХҚКО қабылдайды
Мұнда азаматтар қызметті сағат 13.00-ге дейін ала алады, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының мәліметінше, Астана күнін мерекелеуге байланысты мамандандырылған және қарапайым халыққа қызмет көрсету орталықтары 6-9 шілде аралығында тұрғындарды қабылдамайды.
– Бұл күндері Павлодар қаласында Павлов көшесі, 48 мекенжайында орналасқан кезекші ХҚКО ғана қызмет көрсетеді, – деді филиалда.
Естеріңізге сала кетейік, мереке күндері көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тіркеу туралы куәліктер беру, көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің телнұсқасын беру және жүргізуші куәліктерін беру мемлекеттік қызметтері көрсетілмейді.