Павлодарлық ТЖД қызметкері Қысқы Қазақстан чемпионатында жүлдеге ие болды

Павлодарлық ТЖД қызметкері  Қысқы Қазақстан чемпионатында жүлдеге ие болды

Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары технигі  Дамил Сүтжанов чемпионатта қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қаласында II эстафеталық жарыста жеңіл атлетикадан Қысқы Қазақстан чемпионатында өтті. 

 – Сүтжанов Дамиль жеңіл атлетикамен 10 жылдан бер айналысып келеді, жеңіл атлетикадан Қазақстанның 10 дүркін чемпионы. Қытайда өткен Азия Гран-приінің қола жүлдегері және Катарда өткен Азия чемпионаты мен  Неапольде өткен Дүниежүзілік Универсиада қатысушысы, –деді департаментте.

Айта кетейік, бүгінгі таңда 20 ақпанда Астана қаласында өтетін өрт спорты түрінен Қысқы Қазақстан чемпионатына дайындалуда.