Павлодар облысына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі келеді

Павлодар облысына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі келеді
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен алынған

Ол жұмыс сапары барысында халықпен кездеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

22-23 ақпанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс сапарымен Павлодар облысына барады. 

– Кездесуде әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелері талқыланады, сондай-ақ өңір тұрғындарының сұрақтары қаралатын болады, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінде.

Министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), электрондық үкімет порталы Egov.kz, «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).

Сондай-ақ, телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.