Павлодарда прокуратура кәсіпкерлермен кездесу өткізеді
Олар инвестиция жайлы сөз қозғайтын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, 28 шілдеде сағат 10:00-де инвестициялық жобаларды іске асыру сұрағы бойынша кәсіпкерлермен кездесу өткізу жоспарланған. Іс-шара облыс әкімдігінің ғимаратында облыс прокурорының бірінші орынбасарының төрағалығымен өтеді.
Кездесуге жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» ӨКП, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ қатысады.