Екібастұз бен бес елді мекенде түнде су өшіріледі

Екібастұз бен бес елді мекенде түнде су өшіріледі
Фото: Константин Шелков

Су алты сағат бойы болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұздық «Горводоканал» мекемесі 23 шілдеде Екібастұз қаласында, Майқайың, Қоянды, Құрылысшы, Атығай және Лесхоз ауылдарында, сондай-ақ «Богатырь Көмір» ЖШС мен «ЕЭК» АҚ-да су беру тоқтатылатынын хабарлады. Суық және ыстық су сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін болмайды.

Өшірудің себебі – тазарту қондырғыларының жабдықтарын қайта құру.

Су өшіру және жұмыс кезеңдері туралы толығырақ ақпаратты +7 (702) 667 80 90 WhatsApp нөмірі арқылы білуге болады.