Павлодарда тұрғын үйдегі өрт дер кезінде сөндірілді

Павлодарда тұрғын үйдегі өрт дер кезінде сөндірілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, себеп анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 11:10 шамасында 101 желісіне Теміржолшылар кентіндегі Орталық көшеде орналасқан тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

– Шақырту бойынша жедел жеткен өрт сөндіру есептоптары жеке тұрғын үйдің шатырындағы ағаш конструкциялар мен төбе жабындарының жануын сөндіруге кірісті. Өртті сөндіру барысында көлемі 27 литрлік газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт 11:53-те толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, – делінген хабарламада.

Ведомство тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.