Павлодар облысында тағы 600 бала шығармашылықпен тегін айналыса алады
Бұл мүмкіндік «Art Sport» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының 600-ге жуық баласы би, ән, сурет салу, музыка, мүсіндеу және шешендік өнер сияқты шығармашылық бағыттарда тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікованың тапсырмасына сәйкес, балаларға арналған ваучерлер тоқсан сайын үлестіріледі.
2025 жылы жалпы саны 1200 ваучер берілді: бірінші кезеңде – 500, екіншісінде – 100, үшіншісінде – 200 және соңғы тоқсанда – 600 бала қамтылды.
Бағдарлама балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға және бос уақытын тиімді өткізуіне бағытталған.