Павлодар облысында электр энергиясын беру тарифі төмендеді

Павлодар облысында электр энергиясын беру тарифі төмендеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Энергоуправление» ЖШС-ның электр энергиясын беру қызметіне уақытша өтемақы тарифі бекітілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті аталған компанияның 2024 жылғы 1 наурыз – 2025 жылғы 28 ақпан аралығына бекітілген тарифтік сметасының орындалуына талдау жүргізген.

– Талдау қорытындысы бойынша негізсіз алынған кіріс 184,9 миллион теңге болғаны анықталды. Осыған байланысты департамент 2025 жылғы 16 қазанда бұйрық шығарып, уақытша өтемдік тарифтерді бекітті, – деді департаментте. 

Жаңа тарифтер 1 қарашадан бастап қолданысқа енеді. Яғни, 1 қарашадан 2026 жылғы 31 наурызға дейін – 7,27 теңге/кВтсағ (жеті пайыз немесе 0,55 теңгеге төмен), 2026 жылғы 1 сәуірден 31 қазанға дейін – 7,04 теңге/кВтсағ (сондай-ақ жеті пайыз төмендеу).

Бұл шара тұтынушылардың мүддесін қорғау және табиғи монополия субъектісінің кірісін теңгерімдеуге бағытталған.