Павлодар облысында бірқатар жол трассасы жабылды

Павлодар облысында бірқатар жол трассасы жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көліктер үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасының мәліметінше, 8 қараша сағат 14:00-де ауа райының нашарлауына (боран, көктайғақ, көріну шектеулігі) байланысты бірнеше республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.

Атап айтқанда, «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек.»автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) және «Астана – Ерейментау – Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жолды 9 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.