Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Жәрмеңке бағаны тұрақтандыру және жергілікті өнімді қолдау мақсатында ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

8 қарашада Павлодар қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Торговая көшесі, 2А мекенжайында (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысында) өтеді. Мұнда Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Успен аудандары мен Павлодар қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады.

Сондай-ақ сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласында «Народный» базары, Ақсу қаласында «Ауыл» фермерлік базары және облыстың барлық 10 ауданында ұйымдастырылады.