Павлодарлықтың сыйлық сертификаты қашанға дейін жарамды болуы мүмкін?
2024 жылдың шілдесінде заңнамалық өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Даулен Кабдушев мәлімдеді.
– Ағымдағы жылы сыйлық сертификаттарының жарамдылық мерзіміне қатысты жаңа ішкі сауда ережелері күшіне енді. Жаңа ережелерге сәйкес тауарлар мен қызметтерге сертификаттар үш жылға дейін жарамды болуы мүмкін, – дейді басшы
Департамент 200 мың теңгеден астам сомаға үш сыйлық сертификаты бойынша ақшалай қаражатты қайтаруға көмектесті.
Мәселен, А-ға 2023 жылы аквапаркке сертификат берілді, жарамдылық мерзімі – 2024 жылдың соңына дейін. Сертификатты алушы ол туралы тек 2025 жылдың қаңтарында еске алып, ақшаны қайтару үшін аквапаркке жүгінеді. Сертификат мерзімі аяқталғанымен, компания ақшаны қайтаруға мәжбүр болады.
Сондай-ақ, департамент жұмысының негізгі нәтижесі – өтініштер мен тексерулер санының артуы. Бұл құқықтық мәдениеттің және тұтынушылардың өз құқықтарын қорғауға дайындығының артқанын көрсетеді.