Павлодарда көлігі «ұрланған» ер адам қамауға алынды

Павлодарда көлігі «ұрланған» ер адам қамауға алынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдауды сұраған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың тамызында ер адам келіп, құны 20 млн теңге тұратын  «Toyota Camry 75» маркалы автокөлікті тартып алғаны жайлы хабарлаған. 

–  Жәбірленуші бастапқыда бейтаныс адамды Усолка өзенінің арғы жағына апарғанын айтқан. Көліктен шыққаннан кейін белгісіз адам оны ұрып, көлікке отырған да кетіп қалған. Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бағдарлау жасалды. Облыс полициясының жеке құрамы күдіктіні ұстауға бағытталды, полицияның кешенді күштері жұмылдырылды, ұстау жоспары енгізілді, – деп хабарлады департаментте. 

Үлкен кешенді жұмыс нәтижесінде автокөліктің несиеге алынғаны   анықталды. Деректер базасын тексеру кезінде жәбірленуші 2024 жылдың сәуір айында аталған автокөлікпен Ташкент қаласы бағытында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтіп, бір күннен кейін Қазақстанға басқа көлік түрімен оралғаны тергеушінінің күдігін тудырған. 

Тергеуші әрі қарай тергеудің мән-жайын ашпай-ақ, қылмысты зерттеуді жалғастырған. Ал осы уақытта жәбірленуші тергеушіге күн сайын қоңырау шалып, істі жедел тергеуді, шабуылдаушыны анықтауды және істі сотқа жіберуді талап еткен.

Көрші мемлекетте де тиісті жұмыстар атқарылған. Нәтижесінде тергеушінің күдігін растаған жаңа көлік иесі анықталған. Тергеу барысында автокөлігі бар жәбірленуші ақшаның жоқтығынан несиесін төлей алмайтындығы анықталды. Егер ол тонау туралы оқиғаны ойлап тапса, несие қарызы жабылады деп ойлаған.  

«Жәбірленуші» бұл оқиғаны құрастыру үшін бейнебақылау камераларына Астанадан шығып, 1 тамызда Павлодарға «Toyota Camry 70» маркалы жалға алынған автокөлікпен келгенін түсіріп алған. 

Кейінірек 102 қызметіне қоңырау шалып, өзіне қатысты жасалған қылмыс туралы хабарлаған. 

Ер адамға қасақана жалған хабарлама үшін қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.