Асайын Байханов өңір тұрғындарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Асайын Байханов өңір тұрғындарын Ораза айт мерекесімен құттықтады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімі ізгі тілегін Instagram әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

— Құрметті жерлестер! Сіздерді қасиетті Ораза Айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ата дініміздегі ұлық мейрамдардың бірі болған осы күнді бәріміз асыға күтеміз. Отыз күндік оразадан соң қуана қауышқан жамағат бір-біріне жылы лебіздерін арнайды. Мемлекетіміздің тұғыры биік, еңсесі тік, халқымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! — деді аймақ басшысы. 

Облыс әкімі қасиетті Рамазан айында жасаған дұғаларымыздың қабыл болуын, еліміздегі болып жатқан қиын кезеңді ауызбіршілікпен еңсеріп өтуді, әрбір жанұяға жақсылық пен бақ-береке тіледі.