Референдум: Бюллетеньді бөтен адамдарға көрсетуге бола ма?
Толтырылған бюллетеньді көрсету үгіт болып көрінуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Орталық референдум комиссиясының деректері бойынша, заң референдумға қатысушының дауыс беру кабинасынан сайлау жәшігіне бюллетеньді қалай алып жүру керектігін реттемейді. Алайда, бұл жерде мынадай екі мәселені ұмытпау керек. Біріншіден, Қазақстан Республикасында дауыс беру жасырын болып табылады. Бұл ешкімнің толтырылған бюллетеньді көрсетуді талап етуге құқығы жоқ дегенді білдіреді. Егер кімде-кім бұл тыйымды бұзса, ол жауапқа тартылуы мүмкін.
Екіншіден, дауыс беру күні кез келген үгітке тыйым салынады, оның нысандарының бірі референдумға қатысушының қалауын білдіру, оның ішінде қалай дауыс бергеніңіз туралы хабарда болуы мүмкін.
Демек, толтырылған бюллетеньді көрсету үгіт болып көрінуі мүмкін. Бұл үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Сондықтан толтырылған бюллетеньді ешкімге көрсетуге болмайды, ол үшін бүктеп, бүктелген күйінде әкелген дұрыс.