Қазақстанда жаңа мың теңгелік банкноталар айналымға шығады

Қазақстанда жаңа мың теңгелік банкноталар айналымға шығады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардың дизайны өзгертіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚҰБ Басқармасының кезекті отырысы өтті. Жиында 28 наурыздан бастап 2024 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайны бар 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, 2025 жылы екі жаңа коллекциялық монета – «GRIFFIN» («Көшпенділер аңызы мен мифтері» сериясынан) және «OTYRAR» («Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан) монеталарын шығару әрі айналымға енгізу мәселесі бекітілді.