Екібастұздық спортшы АҚШ-та күрестен үздік атанды

Екібастұздық спортшы АҚШ-та күрестен үздік атанды
Фото: облысы дене шынықтыру және спорт басқармасынан

АҚШ-тың Обани қаласында әйелдер күресінен халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жарысқа Қырғызстан, Моңғолия, Италия, Германия, Венгрия, Перу, Канада, АҚШ және Қазақстан мемлекеттерінен барлығы 32 спортшы қатысты.

Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, екібастұздық Арина Абдуллина өткен әйелдер күресінен халықаралық турнирдің 52 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. 

Спортшы – «Жасыбай» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі.