Шарбақты ауданында екі жасар бала қысымды төмендететін дәріден өліп қала жаздады
Кішкентай науқасты Павлодарға жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Шарбақты ауданындағы ауылдардың бірінде қан қысымын төмендетуге арналған 16 миллиграмм «Кантаб» дәрісі екі жасар баланың қолына түсті. Кішкентай тұрғынға алғашқы көмек аудандық ауруханада көрсетілді. Содан кейін реаниматологтың сүйемелдеуімен ол шұғыл түрде балалар облыстық ауруханасына жеткізіліп, соматикалық бөлімге жатқызылды. Бұл туралы қабылдау бөлмесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Аида Негматолла айтты. Оның сөзінше, бір жастан төрт жасқа дейінгі балалар жиі уланады. Олар бәрін зерттеп, білуге құштарланады.
– Көбінесе балалар сұйықтықтармен, әсіресе тұрмыстық химикаттармен уланады. Ол, әдетте, төменгі сөрелерде немесе балаларға қол жетімді жерлерде орналастырылады. Мұндай заттар түрлі-түсті қаптамаға ие және балалардың назарын аударады. Олар қақпақты оңай ашып, бөтелкенің ішіндегісін іше алады, – деп ескертті Аида Негматолла.
Ересектердің немқұрайлылығының құрбаны екі жасар бала болды, ол сілтінің уытты әсерін алды. Жедел жәрдем жәбірленушіні аурухананың қабылдау бөлімшесіне жеткізді. Оған өңештің шырышты қабығының күйігі және өңеш стенозы диагнозы қойылды. Бала өздігінен тамақтана алмады және түтікпен тамақтандырылды. Үш рет хирургтар баланың өңешін буж арқылы сүмбілеу жасады.
– Бұл эндоскопиялық шағын инвазивті араласу болып табылады. Ол өңешті қалпына келтіру үшін жасалады,– деп түсіндірді ол. – Дәрігерлердің уақтылы медициналық көмекке жүгінуі мен кәсібилігінің арқасында баланың өңеші қалпына келтірілді.
Қабылдау бөлімшесіне күніне орта есеппен үш-төрт бала уланумен түседі. Жыл басынан бері 188 бала көмекке жүгінді, оның шыңы ақпан мен сәуір айларында болды – 31 және 32 жағдай. Өткен жылы осы кезеңде 234 адам зардап шекті. 76 пайызы қалалардың кішкентай тұрғындары, 68 пайызы бір жастан бес жасқа дейінгі балалар.
– Ешқандай жағдайда дәрі-дәрмектерді қараусыз қалдыруға болмайды, оларды балалар үшін қол жетпейтін жерде сақтау керек, – деп ескертті қабылдау бөлмесінің меңгерушісінің міндетін атқарушы. – Көбінесе балалар гипертензияға қарсы препараттармен уланады – «Каптоприл», «Физиотенза», «Карлон», олар артериялық гипертензияны емдеуде қолданылады.
Сонымен қатар, дәрігердің айтуынша, дәрі-дәрмектерді балалардың көзінше қабылдауға болмайды, себебі олар дәрілерді кәмпит деп ойлап қалады. Егер дәрі еденге түсіп кетсе, оны тауып, лақтыру керек.
Аида Негматолла балаға дәрі-дәрмектерді тағайындалған мөлшерде дәрігердің нұсқауы бойынша ғана беруді ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері Павлодарда екі жасқа дейінгі бірнеше бала уланған. Біреуі тарақандарды улайтын дәріні, екіншісі этил спиртін ішті. Амбулаторлық емдеуге көмекке пластилиннің бір бөлігімен «түскі ас ішкен» қыз және силикагельдің бірнеше дәнін жұтқан ұл жіберілді.