Павлодарда ауыл маңындағы жеке тұрғын үйдің шатыры отқа оранды
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, 11 желтоқсанда таңғы сағат 06:19-да Теміржолшылар кентінде орналасқан жеке тұрғын үйдің шатыры жанғаны туралы хабарлама түскен.
Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті.
– Кірпіш үйге қосалқы тұрған қазандықтың шатыры, сондай-ақ үйдің қаптамасы жанғаны анықталды. Өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайды, – деді департаментте.
Үй иелері оқиға орнында болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жауды сөндіруге екі техника мен 12 қызметкер жұмылдырылды. Өрт сағат 07:38-де сөндірілді.