Тамызда Екібастұз қаласының бірқатар көшелері жабық болады

Тамызда Екібастұз қаласының бірқатар көшелері жабық болады

Кейбір автобустар жол жүру бағытын өзгертеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 29 шілдеден 1 тамызға дейін жөндеу жұмыстарына байланысты Кеңшілер көшесі (М.Жүсіп көшесінің бойында) жолды жабу жоспарлануда.

Ал магистралдік желіні қайта құру жұмыстарына  байланысты 3 тамызға дейін «Камилла» сауда үйінен (Әуезовтен Торайғыровқа дейін) М.Жүсіп көшесінің бойындағы қалта жолымен көліктердің қозғалысы шектеледі. Осыған байланысты автобустар негізгі жолдың бойымен жүреді.  

Сонымен қатар 20 тамызға дейін  Абай - Пшенбаев көшелерінің қиылысында жол жабық болады. Осыған орай, №2, 22 автобус бағытын өзгертіп, Кеңшілер-Абай-Әуезов-Жүсіп-Пшенбаев көшелері бойынша қатынайтын болады.