Ақсуда алкогольді өнімді заңсыз сатқан сатушы жазаланды

Ақсуда алкогольді өнімді заңсыз сатқан сатушы жазаланды
Фото: pexels.com

Ол белгіленбеген уақытта сыра сатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 тамызда кешкі сағат 22:00-де Ақсу қаласының полицейлері рейдтік іс-шаралар барысында Астана көшесіндегі жанармай құю станциясында үш бөтелке сыра  сатқан сатушыны анықтаған. Ал басқа жанармай құю станциясында кәмелетке толмаған адамға сыра мен темекіні сатқан факт белгілі болды.  Аталған бұзушылық үшін жанармай құю станция иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

– Алкоголь өнімін сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК 282-бабының 12-бөлігі бойынша жауапкершілік көзделген. Жанармай бекетінің иесіне қатысты шешім қабылдау үшін материалдар аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасына жіберілді, – деп атап өтті Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.

Тәртіп сақшылары алкоголь және құрамында алкоголь бар өнімдерді заңсыз сатқаны үшін құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылатыны жайлы  ескертеді.