Жауапсыз павлодарлықтар кәріз жүйесін қоқыс жәшігіне айналдыруда
Осының салдарынан су бұру желілерінде кептелістер жиі орын алуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС-нің жұмыс бригадалары күн сайын қала тұрғындарының өтініші бойынша канализацияны тазарту жұмыстарына шығады.
– Су бұру жүйесін пайдалану ережелерін бұзу салдарынан кептеулер туындайды, өйткені кейбір жауапсыз тұрғындар унитазды қоқыс шығаратын орын ретінде пайдаланады. Тұтынушылардың жауапсыздығы нәтижесінде канализация желілерінде тіректердің пайда болуына әкеледі, – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Жұмысшылар кептелістерді қолмен де, «Посейдон» су ағыны аппараты арқылы да жояды. «Посейдон» жоғары қысымды әмбебап аппараты канализация жүйесінің ең ластанған учаскелерін гидродинамикалық жууға және желілерді әртүрлі ластану түрлерінен тиімді тазартуға мүмкіндік береді.
Коммуналдық қызмет өкілдері тұрғындарды канализация жүйесін дұрыс пайдалануға шақырып, тұрмыстық қалдықтарды арнайы қоқыс жәшіктеріне тастау қажеттілігін ескертеді.