Павлодарлық кәсіпкер грант арқылы балаларға сенсорлық көмекті іске қосты

Павлодарлық кәсіпкер грант арқылы балаларға сенсорлық көмекті іске қосты
Мадина Зайкунның архивінен алынған фото

Өткен жылдың күзінде облыс орталығының тұрғыны «Растишка» орталығын ашты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бастауыш сынып мұғалімі дипломы және «ерекше балалармен» жұмыс тәжірибесі бар Мәдина Зайкун «Дені сау балалар» жобасын әзірледі.

- Мен балалардың жетістіктерін көріп, ата-анасының қолдауын сезіп, осы бағытта өз кәсібімді ашуды мақсат қойдым, - дейді жас кәсіпкер. – Мемлекеттің көмегінің арқасында бәрі ойдағыдай шықты.

Алдымен Мәдина «Бизнес Бастау»-да онлайн-тренингтен өтіп, ерекше балалармен жұмыс істеу үшін қажеттінің бәрін есептеп, «Дені сау балалар» жобасын әзірлеген. Кәсіпкерлік негіздері туралы алған білімі оған өз ісін жүргізуге көмектесті.

Мәдина Зайкун бастапқы капитал үшін 400 АЕК, яғни 1 476 800 теңге грант алды. Ол ақшаның негізгі бөлігін сенсорлық интеграция мен бейімдеме дене тәрбиесіне қажетті үй-жайлар мен жабдықтарды – мамандандырылған әткеншектерді, платформаларды, сенсорлық туннельдерді, гамак пен құрғақ бассейнді жалға алуға жұмсады.

- Осы жабдықтар көмегімен балалар вестибулярлық, тактильді, көру, иіс және дәм сезгіштігін дамытатын болады, - деп түсіндірді спикер.

Сабақтардың бәрі 45 минуттан жеке жүргізіледі. Кесте икемді және барлығына ыңғайлы болу үшін ата-аналармен келісілген.

- Қазір бұл орталық шағын кабинетте орналасқан, бірақ болашақта толыққанды көпсалалы балалар орталығын ашуды жоспарлап отырмын, - дейді Мәдина Зайкун. – Мұнда сенсорлық интеграция мен бейімдеме дене тәрбиесінен басқа, логопедтер, дефектологтар және басқа да мамандар жұмыс істей алады. Балаларды жан-жақты дамыту үшін арт-терапия сабақтарын өткізуге болады.

Еске сала кетейік, биыл облыс тұрғындарына 406 өтеусіз грант беру жоспарланған. Берілген соманың мақсатты пайдаланылуын растау керек. Өтінішті Business.enbek.kz платформасында онлайн режимінде беруге болады.