Әлемде ашыққан халық саны төрт жылда 122 млн адамға артты - БҰҰ
БҰҰ бес мамандандырылған мекемесі әзірлеген азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жаңа баяндамаға сәйкес, пандемия, экстермалды ауа райы және шиеленістер, соның ішінде Украинадағы соғыс салдарынан 2019 жылдан бері әлемде ашыққан адамдар саны 122 млн адамға артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.
БҰҰ бұл үрдіс өзгермесе, 2030 жылға қарай аштықты жоюға қатысты тұрақты даму саласындағы мақсатқа қол жетпейтінін ескертті.
«Жаһандық пандемиядан кейін бәрін қалпына біркелкі қалпына келтіру мүмкін болмады, ал Украинадағы соғыс азық-түлік пен дұрыс тамақтануға кедергі келтірді. Климаттың өзгеруі, қақтығыстар және экономикалық тұрақсыздық салдарынан маргиналды топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қиынға түсіп жатыр. Біз әдеттегі жұмыс әдістерінен бас тартуымыз керек», - деп атап өтті Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бас директоры Цюй Дунъюй.
2023 жылғы баяндамада 2022 жылы 691 миллионнан 783 миллионға дейін адам ашыққаны айтылған (орташа мәні - 735 миллион).
Бұл COVID-19 пандемиясы басталғанға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда 122 млн адамға көп.
2021-2022 жылдары әлемде аштықтың өсуі тоқтады, бірақ әлемнің көптеген елдерінде азық-түлік дағдарысы күшейе түсті.
2022 жылы Азия мен Латын Америкасында аштыққа қарсы күрес байқалды, алайда Батыс Азияда, Кариб теңізінде және Африканың барлық субаймақтарында аштық деңгейі өсті.
Ең қатты зардап шеккен аймақ - Африка: құрлықта әрбір бесінші адам аштыққа ұшырайды, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе көп.