Аптап ыстыққа климаттың өзгеруі себеп болды – БҰҰ

Аптап ыстыққа климаттың өзгеруі себеп болды – БҰҰ

Ыстықтың беті қайтпай тұр. Оңтүстік Еуропа өз тарихындағы ең ыстық аптаны бастан өткеріп жатыр. Аптап ыстықтан Солтүстік Азия мен Солтүстік Америка да зардап шегіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Еуропа бұрын-соңды болмаған ыстық күннің астында қалды. Испанияда термометр бағаны таңның өзінде 30 Цельсий градусынан асса, түсте 40-тан жоғары болады. Ыстықтың беті қайтпай тұрғанына бірнеше күн болды.

«Өте қиын, себебі сен өзіңді ыстықтан қорғай алмайсың. Суықта жылы жерге тығыла аласың, ал ыстықта қолыңнан ештеңе келмейді», - дейді тұрғындардың бірі.

Испанияның бірнеше өңірі экстремал температураға дайындалып отыр.

Экстремал ауа райы мен климат бойынша маман Джон Нэрн былай дейді:

«Жаһандық температура қазір бұрынғыдан, 1980 жылдардағы Эль-Ниньоға қарағанда жоғары. Яғни, жаһандық үрдіс өсіп келе жатыр. Сол себепті, біз «бәрі дұрыс» деп айта аламыз ба – білмеймін. Күн райы бұдан кейін жыли береді».

Италия «Харон» антициклоны салдарынан метеобақылау тарихындағы ең ыстық аптаны бастап өткеріп жатыр. Аппенниннің ондаған қаласында, оның ішінде астанасы Римде жылу қаупінің қызыл дәрежесі енгізілді.

Дүниежүзілік метеорология ұйымы Еуропада жаңа температуралық рекорд тіркеліп, ыстық 48,8 Цельсий градустан асады деп болжап отыр.

Өте жоғары температуралар Еуропамен қатар, Солтүстік Америка және Солтүстік Азияда да тіркеліп жатыр. Токиода термометр бағаны 37 Цельсий градустан асты.