Ұлыбританияда енді пошташылардың орнына дрондар қызмет етеді

Ұлыбританияда енді пошташылардың орнына дрондар қызмет етеді

Аппараттар салмағы 6 келіден аспайтын хаттар мен сәлемдемелерді жеткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әзірге бұл – пилоттық жоба. Үш айға жоспарланған. Бәрі ойдағыдай өтсе, тұрақты түрде қызмет көрсетеді.

Бастама жақтаушылары бұл өте тиімді екенін айтады. Өйткені кейде ауа райының қолайсыздығына байланысты шалғайдағы өңірлерге пошташылардың қатынауы қиындап кетеді. Дрондарды қолдану экологиялық жағынан да тиімді.