Қазақстан чемпионатының ұйымдастырушысы «Ертісті» құттықтады

Қазақстан чемпионатының ұйымдастырушысы «Ертісті» құттықтады
Фото: Ольга Бугаева

Биылғы футбол маусымы жаңартылған форматта өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қайта жаңғырған «Ертіс» Қазақстан футболының олимпына өрлеуін өзінің түп тамырынан – Екінші лигадан бастады. Павлодарлықтар чемпионат ортасында біраз қиындықтарға тап болғанымен, келер жылы Бірінші лига мәселесін шеше алды. Николай Гавриш шәкірттері мәре сызығына сәл қалғанда қарағандылық «Шахтердің» жастар командасынан озып, ақырында Екінші лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясында бірінші орынды жеңіп алды.

Енді павлодарлықтар еліміздің маңыздылығынан екінші дивизионы – Бірінші лигада өнер көрсетуі керек. 2025 жылы «Ертіс» онда «Шахтер», сондай-ақ «Тараз», «Ақжайық» және «Екібастұз» секілді ескі таныстарымен кездеседі.

Екінші лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясында алматылық «AKAS» жеңіске жетті. Бірінші лигада көкшетаулық «Оқжетпес» чемпион атанды. Бас дивизионда алматылық «Қайрат» төртінші рет алтыннан алқа тағынса, «Ақтөбе» Кубокты, қостанайлық «Тобыл» Суперкубокты жеңіп алды. Кәсіпқой футбол лигасы 2024 жылғы маусымның барлық жеңімпаздарын құттықтап, әділетті ойыны үшін алғыс білдірді.

Кәсіпқой футбол лигасы Qazaqstan Football League биылғы жылы жаңа турнир – Лига Кубогын ұсынды. Барлығы төрт топқа бөлінген 16 мықты футбол клубы кубокты сарапқа салды. Топ жеңімпаздары жартылай финалда кездессе, олардың үздіктері «Астана» мен «Жеңіс» финалда миллион долларды сарапқа салды. Қосымша уақытта жауапсыз екі гол соққан Григорий Бабаян шәкірттері бас жүлдені жеңіп алды.