Павлодарлық оқушылар зиянды әдеттерге қарсы квизге қатысты

Павлодарлық оқушылар зиянды әдеттерге қарсы квизге қатысты
Фото: Ұйымдастырушылардан

Жасөспірімдерге есірткі, темекі және алкогольдің зияны түсіндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласындағы №15 жалпы орта білім беру мектебінде есірткі қолдану, темекі шегу және алкоголь өнімдерін тұтынудың алдын алуға бағытталған «Таңдау өзіңде: зиянсыз өмір» атты ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Павлодар қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Айбек Алқамбек қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға зиянды әдеттердің адам денсаулығына тигізетін кері әсері, психоактивті заттарды қолданудың қауіптілігі және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызы түсіндірілді.

Шараның екінші бөлігінде Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен квиз-ойын өткізілді. Оқушылар командаларға бөлініп, тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Ойын форматы арқылы пайдалы ақпаратты бекітуге мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулердің мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттердің алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.