Қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградаларға ұсынылады
Бұл туралы Президенттің марқұмдардың отбасыларына жолдаған атаулы жеделхаттарында айтылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына атаулы көңіл айту жеделхаттарын жолдады.
Мемлекет басшысы марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, қаза тапқан әскери қызметшілердің мемлекеттік наградаларға ұсынылатынын атап өтті.
Жеделхаттарды Маңғыстау және Түркістан облыстарының басшылары, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен қоғам өкілдері отбасыларға табыстады.
Президент қаза тапқандардың жақындарына барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ қайғылы оқиғаға кінәлі тұлғалар қатаң жауапқа тартылатынын мәлімдеді.