10 тамызда Павлодар облысында аптап ыстық болады

10 тамызда Павлодар облысында аптап ыстық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +14...+19°C болады. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Күндіз қатты ыстық болады. Ауа температурасы +33...+38°C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +16...+18°C болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.

Күндіз сынап бағаны +35...+37°C-қа дейін көтеріледі. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады.