Павлодарда 300-ден астам кәріз құдығының қақпағы қалпына келтіріледі

Павлодарда 300-ден астам кәріз құдығының қақпағы қалпына келтіріледі
Фото: Константин Шелков

Шаһарда кәріз құдығының қақпақтары күнде ұрланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Иманзаипов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалада 350 кәріз құдығының қақпағы қалпына келтірілетінін айтты. 

–  Өкінішке орай, кәріз қақпақтары күнде ұрланады, – дейді Ержан Иманзаипов. – Тұрғындар қақпақтардың жоғы туралы 109 қызметіне хабарласса болады. Олар өз ретінде тұрғын үй-коммуналдық қызметкерлеріне жеткізеді. Ақпарат түскеннен кейін қақпақтар бір күннің ішінде орнатылады. 

Еске сала кетейік, елді мекендердің аумағын жинау айлығы бойынша қаланың коммуналдық қызметтері  78 саябақты, 510 км көшелер мен тротуарларды жинауды жоспарлап отыр. Науқан аясында 30 мыңнан астам ағаш және бұта көшеттері отырғызылады.