Павлодарлық жол трассасында жүк көлігі апатқа ұшырады

Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 11 қазан күні «Омбы-Майқапшағай» автожолының Қызылқоғам ауылынан 3 шақырым жерде, ауа райының қолайсыз жағдайында ВАЗ-2110 маркалы автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, бетпе-бет соқтығысқан. Көлік жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылар жол жүру ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтап, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде көлік құралдарының техникалық жай-күйін үнемі бақылап отырудың маңыздылығын ескертеді.