Қалаға сый: павлодарлық райтерлер жағалауға граффити салып жатыр

Қабырға мультфильм стиліндегі бейнелермен безендірілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар жағалауының фудкорт қабырғаларында жарқын граффити пайда болды. Қабырғалардың бірінде райтерлер Руслан Қасымов пен Владимир Зубко өздерінің лақап атын бояп салған. Авторлардың айтуынша, граффити мәдениетінде 90 пайыз жағдайда суретші өз есімін насихаттайды.
– Осыны түсінбейтіндер бар. Бірақ кәсіби граффити күрделі композициялық әріптер сияқты көрінгенімен, көркемдік жағынан әдемі екенін көпшілік біледі, – дейді Руслан Қасымов.
Суретшілер балалар бассейнінің жанындағы футкорт қабырғасы сурет салуды көптен бері қалап жүрген екен. Қабырға мультфильм стиліндегі бейнелермен безендірілген. Онда Баянауылдың табиғи көрікті жерлерін көруге болады.
– Жұмысымыз барлығына ұнайды. Болашақта қабырғаға тағы бірнеше сызбалар қосылады. Фон стилі мен элементтері жағынан да өте қызықты. Бұл жағалау, қала орталығы болғандықтан, жұмысқа барымызды салғымыз келеді, – деп бөлісті суретші.
Граффити суретшілердің қаражатына, бірақ материалдармен қамтамасыз еткен қала әкімдігінің қолдауымен жасалды. Эскиздерді әзірлеуге суретшілердің достары көмектескен, ал Руслан мен Владимир осы эскиздер бойынша қабырғаларды бояды. Арт қала күніне дайын болуы керек еді, бірақ орындауға уақыт жетпеді. Өйткені суреттің ұсақ бөлшектері көп. Оны аяқтауға тағы бір жарым апта қажет.
Алдағы уақытта ұжым Павлодар қабырғаларын жаңа граффитимен безендіруді жалғастыруды жоспарлап отыр, бірақ оның егжей-тегжейлері әлі құпия сақталуда.
Руслан Касимов инстаграм парақшасынан алынған суреттер