Павлодар облысында сайлау күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады
Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы нарықтағы бағадан 15–20% төмен болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
14 наурызда облыстың үш қаласы мен он ауданының орталығында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Сондай-ақ 15 наурызда облыстың үш қаласында 56 сауда алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады.
Павлодарда – Достық, Усолка, Химқалашық, «Ласточка» және Екінші Павлодар шағын аудандарында.
Ақсу қаласында – Ақсу, 4-ші, 5-ші, 8-ші және 10-шы шағын аудандарында.
Екібастұзда – 9-шы, 5А, 19-шы, 20-шы және 31-ші шағын аудандарында.
Сатылымға шығарылатын өнімнің жалпы көлемі 360 тонна болады:
– сиыр еті – 22 тонна;
– жылқы еті – 18 тонна;
– шикі сүт – 8 тонна;
– картоп – 150 тонна;
– көкөністер – 62 тонна.
Жәрмеңкелерді өткізу халықты сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жергілікті өндірушілерді қолдауға бағытталған.