Асайын Байханов табысқа жетудің сыры туралы: Ерте тұру керек
Павлодар облысының әкімі Железин ауданында «Шабыт» шығармашылық үйінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Сондай-ақ «Хакатон-2023» бағдарламалау бойынша облыстық конкурстың Бас жүлде иегерлерімен кездесті. «Жас тілші» үйірмесінің қатысушыларының бірі аймақ басшысынан өзінің танымалдылығы несімен ұнайтынын сұрады.
– Иә, менің белсенді өмірлік ұстанымын өзіме ұнайды. Студенттік шағымда Павлодарда жатақханада тұрдым. Әр бөлмеде төрт-бес адамнан тұрдық. 10-15 адам жиналатын едік. Таңертең ерте сабаққа барған кезде кім ерте тұрады, сол ең жақсы киімдерді киіп кететін. Сол кезден бері ерте тұратын әдетім бар. Сондықтан белсенді болу керек. Теледидар көріп, ұйықтауға зейнеткерлікке шыққан кезде уақыт болады, – дейді Асайын Байханов.
Сондай-ақ аймақ басшысы табысқа жетудің жолын айтып өтті.
– Бұл – қанша рет сәтсіздікке ұшырасаң алға қарай жүру, – дейді облыс әкімі.
«Шабыт» шығармашылық үйінде домыбрамен ән салу, дыбыс-режиссурасы, сәндік-қолданбалы өнер, журналистика, хореография, шахмат және «Монета» үйірмелері бар.