20 маусымда Павлодар облысында жауын күтіледі

20 маусымда Павлодар облысында жауын күтіледі
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz. 

Қазгидрометтің мәліметінше, облыс бойынша түнде температура +8...+ 13°C, күндіз + 25...+30°C құрайды. 

Күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады.

Павлодарда сынап бағанасы түнде +10...+ 12°C, күндіз + 27...+ 29°C көрсетеді.