COVID-19: Павлодар облысында науқастардың саны көбеюде

COVID-19: Павлодар облысында науқастардың саны көбеюде
Фото: Константин Шелков

15 жағдай зертханалық тексеріспен расталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев мәлім етті. 

– Өңірде коронавируспен оқшауланған жағдайларды тіркеу жалғасуда. 1 қарашада коронавирустық инфекцияның 218 жағдайы тіркелді. Қазан айында коронавирус инфекциясының 15 жағдайы зертханалық расталды. Оның үшеуі – 14 жасқа дейінгі балалар, 12-сі ересек адам, – деді Батырбек Әлиев. 

Спикер аурудың алдын алу үшін қарапайым алдын алу шараларын сақтауға кеңес берді. 

– Адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық бөлмелерге баруды шектеу қажет. Үй-жайларды үнемі желдетіп, антисептиктерді қолдану арқылы дезинфекциялық режимді күшейту керек. Қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану, науқас адамдармен байланысты шектеу, оларды оқшаулауды қамтамасыз ету, тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде үйде болу, балаларды ұйымдасқан ұжымдарға жібермеу және уақтылы медициналық көмекке жүгіну керек, – дейді Батырбек Әлиев.

Сондай-ақ департамент басшысының айтуынша, вакцинация – өзіңізді және жақындарыңызды ауыр COVID-19 ағымынан қорғаудың ең сенімді жолы. Бұл вирустың таралу ықтималдығын төмендететінін және ауру кезінде асқыну қаупін едәуір төмендетеді.  Облыс емханаларында КВИ-ге қарсы вакцинаның екі түрі бар – «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) және «Синофарм» (Қытай).

Еске сала кетейік, өткен айдың соңында облыс бойынша СOVID-19-дың 215 жағдайы тіркелді, оның 24%-ы балалар мен жасөспірімдерде болған.