22 қарашада Павлодар облысында қатты жел соғады

22 қарашада Павлодар облысында қатты жел соғады
Фото: Константин Шелков

Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сәрсенбіде күндіз ауа температурасы 0…-5 градус, ал облыстың оңтүстігінде +3 градус болады. Желдің жылдамдығы батыс пен шығыста секундына 15 метрге, ал солтүстік бөлігінде 23 метрге дейін соғады.

Павлодарда сынап бағанасы күндіз 0…-2 градусқа дейін төмендейді. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.