Павлодарлық Ленин саябағы ішінара жаңарту күтуде
Тоқтап қалған жоба қайтадан қолға алынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодардың ең алғашқы саябағына 96 жыл толып отыр. Ол 1928 жылы 1 шілдеде бұрынғы Казак алаңында Ленинге арналған ескерткіш орнатылғаннан кейін салынған.
Бұрынғы Ленин-Толстой-Луначарский-Маркс көшелеріндегі аумақ қоршалып, ағаштар отырғызылып, саябаққа Ленин есімі берілген. Ал қазір әйгілі Ленпарк «Детство» алаңы деп аталады.
Әрбір Павлодар тұрғынының балалық шағы сонда өткен. Барлығында жануарлардың мүсіндері немесе «Золотая рыбка» және «Лиса и журавль» ертегілерінің кейіпкерлерімен түскен суреттері бар шығар.
Бірақ, соңғы уақытта саябақ мүсіндеріның бұрынғы бедері кетті. Субұрқақ та, жануарлар мүсіндері де жөндеуді қажет етеді. Жыл сайын вандалдар ескі мен жаңа мүсіндердің мүйіздерін, құйрықтары мен құлақтарын сындырады. Кейбір мүсіндері тіпті әртүрлі жазулармен сызып тастаған.
Қала әкімдігі «Garden Park» тұрғын үй кешенінің жанындағы субұрқақ пен балалар алаңын жөндеуді қажет деп, саябақтың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.
Субұрқақта Пушкиннің балықшы мен балық туралы ертегісінің мүсіндері тұр. Мүсіндердің сыртқы келбеті бұзылған, субұрқақтың өзі көптен бері жұмыс істемейді. Қала әкімдігі субұрқақты 2022 жылы жөндеуге уәде берген. Бірақ жөндеу жұмыстарына бюджеттен ақша биыл ғана бөлінгендіктен, жұмыс 2025 жылға шегерілді.
«Детство» алаңында субұрқақтан басқа тағы 13 фигура бар – олар биылғы жылы «Павлодар қаласының бау-бақшалардың ағымдық жөндеу» аясында боялған. Әкімдіктің хабарлауынша, мұндай тұрақты қалпына келтіру жұмыстары жыл сайын жүргізілуде. Бірақ мердігер қайта ауысып отырады, сондықтан биыл саябақпен «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС айналысады. Келісімшарт бойынша олар қоқысты шығарып, механикалық және санитарлық тазалау жұмыстарымен айналысуы керек.
Сондай-ақ, мердігерлер ауруға шалдыққан ағаштарды келесі көктемде қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Бүгінде Ленпаркте 361 ағаш өсіп тұр. Оның 346-сы – 40 жасқа дейінгілер, сегіз кәрі ағаш, жетеуі ғана жас ағаш. Ал 2023 жылы цитоспорозбен ауырған қайың ағаштары жойылды.