Павлодарлық балуандар республикалық жарыстарда алты медаль жеңіп алды

Павлодарлық балуандар республикалық жарыстарда алты медаль жеңіп алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүлделер қазақ күресінен екі турнирде еншіленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің мәліметінше, 11-13 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауылында КСРО спорт шебері С. Ахметовті еске алуға арналған 2006-2008 жылы туған жастар арасындағы республикалық турнир өтті. Павлодарлықтардың қоржынына бір алтын, бір күміс және бір қола медаль түсті.

Турнир жеңімпазы 65 келіде Дильназ Жумалинова атанса, 55 келіде Арман Калиев күміс, 74 келіде Санжар Амангелдинов қола жүлдеге ие болды.

Ал 20-23 шілде аралығында Петропавлда 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл жарыста Павлодар облысының құрамасы тағы үш жүлде жеңіп алды.

82 келіде Алмас Рысбеков пен 60 келіде Дильназ Жумалинова күміс жүлдегер атанды. Ал 55 келіде Арман Калиев чемпионаттың қола жүлдесін иеленді.

Осылайша павлодарлық балуандар екі республикалық жарыстың қорытындысы бойынша бір алтын, үш күміс және екі қола медаль жеңіп алды.