23 қарашада Павлодар облысында көктайғақ күтіледі

23 қарашада Павлодар облысында көктайғақ күтіледі
Фото: Константин Шелков

Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, бейсенбіде облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Ауа температурасы +2…+7 градусқа дейін жылынады.

Павлодар қаласында жаңбыр жауады. Сынап бағанасы +4…+6 градусты көрсететін болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.