4 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +16...+21°C болады. Облыстың батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Күндіз ауа температурасы +28...+33°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі.
Павлодарда түнде ауа температурасы +17...+19°C болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
Күндіз +30...+32°C. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ түсіп, дауыл болуы мүмкін.