3 қарашада Павлодар облысында күн салқындап, жауын-шашын күтіледі
Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы 0…+5 градус аралығында, солтүстік аудандарда -3 градусқа дейін төмендейді.
Күндіз ауа температурасы +2…+7 градус шамасында болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар, өңірдің батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түсуі мүмкін.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы 0…+2 градус шамасында болса, күндіз +4…+6 градусқа дейін көтеріледі. Күн бұлтты болады. Таңертең жаңбыр жаууы ықтимал.