Ақсуда балконнан қоқыс лақтырған тұрғын жазаланды

Ақсуда балконнан қоқыс лақтырған тұрғын жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция азаматтардан қоқысты арнайы контейнерлерге тастауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны Строительдер көшесіндегі үйдің пәтерінің балконынан шыны лақтырған көршісіне шара қолдану туралы шағым түсірген. 

Учаскелік полиция қызметкері ер адамның үшінші қабаттан балкон жақтауынан сынған әйнектерді лақтырып жібергенін анықтады. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды, – деді Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Айдар Сламбеков.

Тәртіп сақшысы кіреберіс пен үй маңындағы аумақ қоғамдық орындарға жататынын еске салады. Тұрғын үйдің иелері мен жалға алушылары тұрғын үйді пайдалану ережелерін сақтауға міндетті. 

Айта кетерліні, жыл басынан бері Павлодар облысының 6 мыңға жуық тұрғыны абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жазаланды.