Павлодарда жасөспірімді көлік қағып кетті
Полицейлер аталған фактіні тексеріп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 қарашада Катаев көшесі, 36/2 мекенжайындағы үйдің алдында «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жаяу жүргінші жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Көлік айып тұрағына қойылды.